Шашты қандай су температурасында жуу керек? Сарапшы жауап берді

Шашты қандай су температурасында жуу керек? Сарапшы жауап берді
Фото: jcomp / Freepik

Шашты тым ыстық суға жуу шашты да, бас терісін де зақымдауы мүмкін. Стилист және шаш күтімі бойынша сарапшы Россано Ферретти шашты қандай су температурасында жуу керегін түсіндірді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ыстық душ қан қысымын жоғарылатып, тері жасушаларын табиғи ылғалдан тазартады, терінің қабыршақтануы мен қышуын тудырып, экзема мен псориаз сияқты аурулардың жағдайын нашарлатады.

Ең дұрысы, шашты жууға арналған судың температурасы 37-ден 40,5 градусқа дейін болуы керек.

"Бұл дене температурасынан сәл жоғары", - деді маман.

Сондай-ақ, маман сусабын мен кондиционерден кейін шашты салқын сумен шаюды ұсынды. Бұл шаштың ылғалдылығын сақтап, оның жылтырлап тұруына әсер етеді. 

Айта кетейік, бұған дейін шашты дұрыс жуудың 10 ережесі хабарланған болатын. 

  1. Шашты жумас бұрын сумен шайыңыз;
  2. Шашыңыз ұзын болса, сусабынның алдында шашқа арналған кондиционерді қолданыңыз;
  3. Сусабынды тек шаштың тамырына жағыңыз;
  4. Абайлап уқалаңыз;
  5. Шашты бір рет жуған жеткілікті;
  6. Кондиционерді шаштың ортасынан ұштарына қарай жағыңыз;
  7. Шашты салқын сумен шайыңыз;
  8. Шашыңызға сай сусабын таңдаңыз;
  9. Шашты уақытылы жуып тұрыңыз;
  10. Шамаңыз келгенше фильтрден өткін суды пайдаланыңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Алқабилер соты деген не?

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Б. Жұмаділлә