Жылыой ауданында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр

Атырау облысы Жылыой ауданында медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық жедел штабқа сілтеме жасап.

"Жылыой ауданындағы жағдайға қарамастан, барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді. Қосымша дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары тартылды. Барлық эвакуацияланған халықты дәрігерлер тексереді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, ауданда жедел желі іске қосылды. Көмекке мұқтаж тұрғындар +7 778 249 0253 нөміріне хабарласа алады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!