Ресейде дамбы жарылды: Тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Ресейде дамбы жарылды: Тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ресейдің Орынбор облысы Орск қаласында дамбы жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Су басқан аймақтан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары басталды.

Төрт мыңдай жеке тұрғын үй дамбы жарылуы салдарынан су астында қалу қаупі бар.

"Дамбы жарылуы мен Орал өзенінің арнасынан шығуына байланысты Гагарин, Строитель, Докучаев көшелерінің тұрғындарына бірден құжаттарын жинап, уақытша орналасу пунктіне эвакуациялану қажет", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы