Астанада студентке қол жүгірткен оқытушыға қатысты сот шешімі шықты

Елорданың медициналық университетінде студентке қырындап қол жүгірткен профессорға қатысты сот шешімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

60 жастағы Алшан Исмаилов енді осы оғаш қылығы үшін 30 тәулік абақтыда отырады. Студент қыздарға көз сүзген ұстаздың әрекетін сот "харассмент" деп таныды.

Айта кетейік, былтыр аталмыш оқу орнының төртінші курс студенті "мұғалім емтихан кезінде оғаш әрекет көрсетті" деп, әлеуметтік парақшасында көпшіліктен араша сұрап жазба қалдырған болатын.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!