Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Еліміздің басым бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа-райы күтіледі, жаңбыр жауады. 6-8 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 8 сәуірде солтүстікте жауын-шашын болып, жаңбырдың соңы қарға ұласады, жел күшейеді.

6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында қатты жаңбыр болжануда.

Оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады. 

Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз 13-20 жылыдан 7-15 жылыға дейін төмендейді. Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометрлердің бағандары 15-20+  дейін көтеріледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жайыққызы