Алматыда есірткі мен қару сақтаған топ құрықталды

Алматы қаласы және Алматы облысында заңсыз қару сақтағандар құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облыстық ПД ҰҚКБ қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздарының қатысуымен тексеру жүргізу нәтижесінде Жамбыл облысының екі екі тумасы ұсталды. Олардың жасы 28-де және 23-те.

Тінту кезінде үш тапанша және "Калашников" маркалы автомат анықталды, сондай-ақ орама табылды , оның ішінен айрықша иісі бар шөптік өсімдік табылды. Осы дерекке қатысты тергеу шаралары басталды. Тәркіленген заттарға қажетті зерттеулер жүргізіледі.

"Арнайы операция кезінде 11 адам ұсталды. Негізгі фигуранттар қамауға алынды. Тергеу барысын өз бақылауыма алдым", - деді Бауыржан Аленов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!