"Педофил болуы мүмкін". Алматыда полицейлер видеодағы ер адамды ұстады

"Педофил болуы мүмкін". Алматыда полицейлер видеодағы ер адамды ұстады
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматыдағы аулалардың бірінде педофил болуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде түсірілген видео пайда болды. Видеода ер адам қасында тұрған қыздың көзінше мастурбация әрекетін жасаған деген болжам бар.

Алматы полициясының баспасөз қызметі кәмелетке толмаған баланың қылмыстық жауаптылығы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті қамауға алынды.

"Оның психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны және қыздың ағасы екені анықталды. Тергеу жалғасуда", - деп қосты полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы