Телефонынан айрылып жатқандар бар: алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Телефонынан айрылып жатқандар бар: алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
Фото: elements.envato.com

Алматы тұрғыны құны 350 мың теңге тұратын ұялы телефонын 80 мың теңгеге сатуға мәжбүр болғанын айтты. Оның сөзінше, белгісіз біреу I cloud-ын көшіріп алып, мүлдем жарамсыз етіп тастаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Алматы қаласының тұрғыны Айгерім Раметова ұялы телефонын olx қосымшасы арқылы сатпақ болған. Кейін белгісіз біреу қоңырау шалып, iCloud-тың мекенжайын өзіне ауыстырып алғысы келетінін айтқан. Егер "iCloud ашылса, телефоныңызды аламын" деп сендірген. Содан соң смартфонын бұғаттап, ақша бопсалаған.

"Өзімнің телефоныма сол кісінің I cloud-ын жаздым. Жазғаннан кейін олар өздерінің құпиясөздерін ауыстырып тастады", - деді ол.

Мамандар қазір алаяқтар кез келген әдіс арқылы көпшілікті сан соқтырып жатқанын айтады. Сондықтан белгісіз сілтемелерді ашпау керек.

Биыл Елорданың өзінде 1085 интернет алаяқтығы тіркелген. Өкінішке қарай, қылмыстың ашылу көрсеткіші көңіл көншітпейді.

"Биыл Астана қаласында 1085 интернет алаяқтық тіркелді. Ашылғаны - 229", - деді қалалық ПД баспасөз хатшысы.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова