Теміртауда тұрғынды атқан күдіктілер ұсталды

Фото: видеодан кадр

Теміртау тұрғынын жарақаттаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ІІМ мәліметінше, Теміртау қаласының тұрғынына қару қолданған 27-31 жас аралығындағы үш адам анықталған.

"Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Бұл оқиға 4 сәуірге қараған түні болды. Сол кезде Теміртау қаласындағы ауруханаға оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген болатын.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова