СҚО-да лауазымды тұлға жемқорлыққа қарсы шара қабылдамағаны үшін жазаланды

Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының қадағалау актісі бойынша лауазымды тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер бойынша шаралар қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Талдау нәтижесінде "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қаржылық бақылау шараларын қолданбау түрінде өрескел бұзушылықтар анықталды.

Аққайың ауданының Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі (бұдан әрі-Бөлім) Заң талаптарын бұза отырып, ведомстволық бағынысты ұйымдардың директорларын қызметке тағайындау кезінде олардың заңда белгіленген тәртіппен 250 үлгідегі салық есептілігін тапсыру туралы хабарламаларды ұсыну шараларын қабылдамаған.

Нәтижесінде басқарма басшысы ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбау туралы әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Прокурордың қаулысымен бөлім басшысы айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салық есептілігін уақтылы ұсынбағаны үшін ӘҚБтК-нің 272-бабы 1-бөлігі бойынша бөлімнің ведомстволық бағынысты ұйымдарының 250 директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!