"Ешқашан адам болмайды". Нұрлан имам әйелге қол көтеретіндер туралы пікірін бөлісті

"Ешқашан адам болмайды". Нұрлан имам әйелге қол көтеретіндер туралы пікірін бөлісті
Фото: әлеуметтік желі

Желіде Нұрлан имамның әйелге қол көтеретіндер туралы айтқан пікірі тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

TikTok әлеуметтік желісінде Нұрлан имамның әйелге қол көтеретіндер туралы айтқан пікірі тарады. 

"Әйелге қол көтеретіндер - біткен адамдар. Олар ешқашан адам болмайды. Әйел, қыз кінәлі болып тұрса да қол көтеруге болмайды. Ол - қарындасымыз, біреудің болашақ жары, мемлекетіміздің тұлғасы. Қызға қол көтеріп, теуіп, үстінен секірген адам адам ба? Адам емес. Оны ештеңе ақтамайды. Егер әйелдің сөзі ұнамаса, ажырасып кет, сотқа бер. Бірақ адамды ұру - надандық. Қандай надандық, хайуан олай істемейді", - дейді ол. 

@naz..eex @NURLANIMAM 😊#бишембаев #салтанатнукенова #айелдиуру ♬ оригинальный звук - Солнышко💝

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек