"Кім боларын білмей жүр". Сахнаға қайта оралған Индира Расылхан өзін сынағандарға жауап берді

"Кім боларын білмей жүр". Сахнаға қайта оралған Индира Расылхан өзін сынағандарға жауап берді
Фото: әлеуметтік желіден

Сахнаға қайта оралған танымал әнші Индира Расылхан өзін сынағандарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Индира Расылхан оқырмандарының бірі "Кім боларын білмей жүр" деп сынап жатқанын айтты. Айта кетейік, әнші көпшілік арасында психолог ретінде де танымал. Ол бұл салада дамығысы келетінін жазды. 

"Соңғы кезде мен жайлы хейттар өте көп жүріп жатыр. Біріңіз "Осы кім боларын білмей жүр" деп жатсыздар. Менің ең басты мақсатым адамға пайдалы болсам екен деймін. Әнімді жақсы көрген алтындарым сол, мен әлі де жаңа әніммен сіздерді қуантатын боламын", - деп жазған ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИНДИРА РАСЫЛХАН (@indirarasylkhan)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек