WhatsApp мессенджерінде iOS қолданушылары үшін жаңа артықшылық пайда болады

WhatsApp мессенджерінде iOS операциялық жүйесі негізінде жұмыс істейтін құрылғыларда жаңа функция пайда болады, ол арқылы ендігіде видеоны фондық режимде тамашалауға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі WABetaInfo сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта мессенджер құрастырушылары видеоны WhatsApp-тың басқа бетіне өту кезінде де тамашалауға болатындай ету үшін қызмет етіп жатқан көрінеді. Яғни сіз тамашалап отырған ролик экранның бір бөлігінде кішігірім ұяшық болып ашылады.

Портал авторлары видео плеердің тек қосымша ішінде ғана жұмыс істейтінін айтады. Егер қолданушы WhatsApp мессенджерінен шыққысы келсе, онда роликте жабылып қалады. Алайда WABetaInfo мәліметінше, құрастырушылар бұл шектеуді болашақта алып тастауы мүмкін.

"Картина ішіндегі картина" режимін қолдану мүмкіндігі қолданушының бірнеше істі қатар алып жүруіне мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ - чаттарда хат алмасу және сол уақытта видео тамашалауға болады", - делінген портал хабарламасында.

Жаңа функция WhatsApp мессенджерінің келесі жаңаруында пайда болатыны айтылады

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!