Бес облыста республикалық маңызы бар жолдардың қозғалысы шектелді

Еліміздің бес өңірінде республикалық маңыздағы жолдардың жеті учаскесі жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ еліміздің бес облысындағы республикалық маңызы бар тас жолдарда көлік қозғалысы шектелгендігін ескертті. Аталған мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 сәуірде сағат 15:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының күрт жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан үш облыста (Атырау, Қарағанды, Қостанай) 6 жол учаскесін су басты.

Сондай-ақ төрт облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар бес тас жолда (ұзындығы 336 км) ішінара шектеу енгізілді.

"Сағат 16:00 шамасында еріген қар суының салдарынан Маңғыстау облысы "Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау" тас жолының 210-220 шақырымында (Атырау облысының шекарасы-Боранқұл ауылы учаскесі) көлік құралының барлық түрі үшін қозғалыс шектелді", - делінген хабарламада.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!