Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды

Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталды
Фото: ІІМ

Жамбыл облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 сәуірде Жамбыл облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Тұрар Рысқұлов ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстады.

Өзбекстан Республикасының екі азаматы Самарқанд облысында 288 миллиард сомадан (10 миллиард теңге) аса ірі мөлшердегі табиғи газды ұрлады деген күдікке ілінген.

Ер адамдар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды және жақын арада іздеу салған елге беріледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова