Маңғыстау облысының шекарасында өзгеріс болады

Маңғыстау облысының шекарасында өзгеріс болады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Маңғыстау облысының шекарасы өзгерді. Тиісті қаулыға Үкімет қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысының әкімдігі тиісті шараларды қабылдауы қажет.

Құжатқа сәйкес Маңғыстау облысының шекаралары былайша белгіленген:

  • Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • солтүстік-шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
  • оңтүстік-шығыс шекара қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
  • батыс шекара Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова