Петропавлда денсаулыққа қауіпті ақылды сағаттар сатылған

Петропавлда денсаулыққа қауіпті ақылды сағаттар сатылған
Фото: pixabay.com

Петропавлда тиісті құжаты жоқ, денсаулыққа қауіп төндіретін ақылды сағаттар сатылғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Техникалық реттеу және метрология комитетіне сілтеме жасап.

Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қаладағы Mobile Store сауда нүктелерінің біріне тексеріс жүргізген. Нәтижесінде сауда орнында ақылды сағатта қажет декларация болмаған.

"Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" ЕАЭО ТР 037/2016 техникалық регламентінің талабына сәйкес өнімдер декларациялау нысанындағы сәйкестікті міндетті түрде растауға жатады. Бұл құжатта қауіпті заттардың рұқсат етілген нормасы бар төмендегідей:

  • Қорғасын – 0,1 пайыз;
  • Сынап – 0,1 пайыз;
  • Кадмий – 0,01 пайыз;
  • 6 валентті хром – 0,1 пайыз;
  • Полибромды дифенилдер – 0,1 пайыз;
  • Полибромды дифенилэфирлер – 0,1 пайыз.

"Демек декларацияның болмауы осы көрсеткіштердің асып кету қаупін тудырады. Содан кейін бұл өнім адам денсаулығына тікелей зиян келтіреді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ ақылды сағаттарда қосымша орнату мүмкіндігі мен мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат болмаған.

"Техникалық реттеу туралы" заңның 35-бабына сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген, сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың болмауынсыз немесе Техникалық реттеу тізілімінде немесе берілген немесе қабылданған бірыңғай тізілімдерде мәлімет болмаған жағдайда өнімді сатуға тыйым салынады.

Ақылды сағатты сатқан кәсіпкерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 415-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғалып, 359 мың 970 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ оған аталған өнімдерді сатуға тыйым салынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz