Дәрігер шай кімдерге зиян екенін айтты

Дәрігер шай кімдерге зиян екенін айтты
Фото: pixabay.com

Шайдың түріне қарай ол әртүрлі пайдалы қасиеттерге ие. Алайда кей адамдар бұл сусынды ішерде сақ болу керек. Бұл жайлы "Газете.Ru"-ге гастроэнтеролог Валерия Антюфеева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гастроэнтерологтың айтуынша, шайда таниндер болады, олардың мөлшері шай түрі мен оны дайындау әдісіне байланысты. Олар өнімде болатын темірмен қосылыс түзе алады. Сондықтан ол асқорыту жолында сіңбейді.

"Таниндер әсерінен темір жануар өнімдеріне қарағанда өсімдік өнімдерінен нашар сіңеді. Сондықтан егер темір жетіспеуімен немесе темір тапшылықты анемиямен қиналатын болсаңыз, қатаң вегетариандық диета сақтайтын болсаңыз, сізге көп шай ішуге болмайды. Күніне 3 кесе немесе одан аз шай ішу қауіпсіз мөлшер болып саналды", - дейді ол.

Сондай-ақ дәрігер шайда кофеин болатынына мән берді. Оны көп мөлшерде ішу күйзеліс пен мазасыздықты арттырады.

"Сондықтан күйзелістік жағдайда шай мөлшерін азайтқан дұрыс. Алайда зерттеулерге сәйкес, кофеин мөлшерін 200 мг-нан асырмасаңыз, көпшілік үшін ол мазасыздықтың себебіне айналмауы керек", - дейді гастроэнтеролог.

Оған қоса, маманның айтуынша, диспепсиясы бар адамдарға шайды көп ішуге болмайды. Себебі ол жүрек айнуы, асқазан ауыруын тудыруы мүмкін. Ол шайдың құрамындағы таниндермен байланысты.

"Мұндай реакцияның алдын алу үшін шайға бірнеше тамшы сүт қосуға болады немесе аздап тамақ жеп жіберу керек", - деп кеңес берді маман.

Дәрігер жүкті әйелдерге де шайды көп ішпеуді ұсынды. Себебі оның құрамындағы кофеин көп мөлшерде түрлі асқынуларға әкелуі мүмкін. 

"Кей әйелдер құрамында кофеині жоқ шөптік шайларды ғана ішеді. Алайда олардың барлығы бірдей жүкті әйелге қауіпсіз емес екенін түсіну керек. Сондықтан қандай да бір күмән болса, дәрігеріңізбен ақылдасқан жөн", - дейді Валерия Антюфеева.

Оқи отырыңыз: Қант қосылған шайды күнде ішсеңіз не болады?

А. Жапатова