Қылмыстық топты басқарған 2 қазақстандық Түркияда ұсталды

Қылмыстық топты басқарған 2 қазақстандық Түркияда ұсталды
Фото: ҰҚК

Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты басқарған 2 Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі Түркияның құқық қорғау органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген 2 Қазақстанның азаматын ұстады.

Биыл 3 сәуірде олар Стамбулдан Алматы қаласына этаппен жіберілді.

"Ұсталған 2 қазақстандық аса ірі мөлшерде алтын контрабандасын ұйымдастырды, сондай-ақ трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және басшылық жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды ", - деп жазылған хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина