Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов қайтыс болды

Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов қайтыс болды
Фото: assembly.kz

Танымал журналист Ғаділбек Шалахметов 81 жасында қайтыс болды. Ақпаратты Қазақстан журналистика академиясы растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімін 6 сәуірде Алматыда өткізу жоспарланып отыр.

Ғаділбек Шалахметов 1943 жылы 9 маусымда Астрахан облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын бітірген, сондай-ақ, Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлердің жоғары курсында оқыған.

Еңбек жолын 1960-1961 жылдары Қазақ КСР ҒА металлургия және байыту институтында жұмысшы, 1961-1962 жылдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында балқытушы болып бастаған.

Әр жылдары Алматы телевизия студиясында редактор, халық шығармашылығы редакторы, "Ровесники" шығармашылық бірлестігінің аға редакторы, жастар және балалар бағдарламалары бас редакциясының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарған.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің басшысы, 1992-2002 жылдары "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының төрағасы, 2000 жылдан бастап премьер-министрдің штаттан тыс кеңесшісі, т.б. лауазымды қызметтер атқарған.

Парламент Мәжілісінің депутаты, Самұрық" АҚ президентінің кеңесшісі болған.

2009 жылдан бастап Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің теледидар, радио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова