- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мені ұмыт және...
"Мені ұмыт және жібер". Прокурор Салтанат Нүкенованың телефонындағы хабарламаларды оқыды
Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты сот отырысында прокурор Салтанат Нүкенованың телефонындағы деректерді айта бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен прокурор Нүкенова мен Бишімбаевтың жеке хаттарын оқи бастады.
"Мен Павлодарға біржола кетемін. Соңғы күндері мен сезімімнің өшкенін түсіндім, мен ештеңені сақтап қалғым келмейді, бұл мүмкін емес. Сен көзіме шөп салғаның үшін ештеңе жасамадың, тіпті кешірім сұрамадың, тек мені кінәлап, психотерапевт кеңесін алуымды талап еттің. Сен дымды көрмейтінің соншалық, енді шыдай алмаймын, мені кешір, ұмыт және жібер. Мен өзім үшін нақты шешім қабылдадым, мен ата-анаммен бірге боламын, олар маған қарайды", - деп мемлекеттік айыптаушы жазбаны оқыды.
Артынша прокурор Нүкенова кімдерге қоңырау шалғанын және Салтанатқа кімдер қоңырау шалғанын айтты.
Еске салайық, 3 сәуірде өткен сот отырысында Бишімбаев Салтанат қайтыс болған түн туралы мүлде басқа деректер айтқан болатын.
Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаевтың қорғаушылары қылмысқа қатысы жоқ суретті көрсетіп, судьяны жаңылыстыра жаздады.
"Сотталушының телефоны". Бишімбаевтың сотында ұялы телефон шырылдады
Бишімбаев Салтанат көз жұмар алдында да жедел жәрдемге емес, балгерге хабарласқан
Өз-өзіме қол жұмсасам дұрыс болады деп ойладым - Бишімбаев
"Былай айт, былай айт" деп жатыр. Байжанов Бишімбаев өзіне қысым жасап жатқанын мәлімдеді
Сотта Бишімбаевтың Нүкенованы ұрып-соққан видеосы көрсетілді
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина