"Онда тұрған не бар?!" Әсел Асқар темекі шегетінін жасырмады

"Онда тұрған не бар?!" Әсел Асқар темекі шегетінін жасырмады
Фото: instagram.com/assel.askar

Танымал актриса Әсел Асқар темекі шегетінін жасырмады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі REVUE NEWS бағдарламасында бөлісті. Оның айтуынша, денсаулығы сыр берген. 

"Қазір денсаулығымды дұрыстап жатырмын. Стрестен кейін денсаулығым нашарлап кетті. Алдымен ішкі құрылысымды, кейін гормонды емдедім. Менің бір ғана теріс әдетім бар. Темекі тартамын, көп тартамын. Онда тұрған не бар?! Оны халық көреді, көшеде көреді", – деді Әсел Асқар.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек