Шымкентте автобус өртеніп кетті

Шымкентте автобус өртеніп кетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Шымкентте автобус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға бүгін, 3 сәуір күні кешке қаладағы автобус паркінің тұрағында болған.

Құтқарушылар дереу шақырту бойынша оқиға орнына жеткен.

"Өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға туралы мәліметтер анықталып жатыр. Көлік жөндеуде болғаны белгілі болды", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан