Алматыдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты сот отырысы басталды

Алматыдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты сот отырысы басталды
Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Алматыдағы жантүршігерлік автобус апатына қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы қаласының Алатау аудандық сотында сотталушы А.-ға қатысты бұзақылық жасау, сондай-ақ, екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерін бұзу туралы (ҚР ҚК 293-бабының, 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр.

Сотталушы А. 47-ші бағыттағы автобустың жүргізушісін ұрып-соққан, соның салдарынан жүргізуші әйел есінен танып қалып, нәтижесінде аялдамада тұрған адамдарды автобуспен басып, апат салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова