"Bek Air" ұшағы апатқа ұшыраған оқиға: тергеу аяқталды

"Bek Air" ұшағы апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көліктегі полиция департаменті процесс прокурормен келісе отырып, Алматы әуежайында 2019 жылы 27 желтоқсанда "Fokker-100" "Bek Air" ұшағы апатқа ұшыраған дерекке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

"4 мыңнан аса тергеу әрекеттері (2000 тексеру, 1350 жауап алу, 250 алу), 150 сот-медициналық сараптама және арнайы зерттеулер жүргізілді.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде прокуратура Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Бельгия, Германия, Люксембург, Нидерланды және т.б. шет мемлекеттерден халықаралық құқықтық көмек көрсету туралы өтініштерге іс үшін маңызы бар қажет құқықтық-техникалық ақпарат алынды", - деп жазылған хабарламада.

Қазір процеске қатысушылар соталды тергеп-тексеру материалдарымен танысып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!