БҚО-да бес ауылды эвакуациялау басталды

БҚО-да бес ауылды эвакуациялау басталды
Фото: Мой Город

БҚО-да бес ауылды эвакуациялау басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Ұзынкөл су қоймасы толып, елді мекендерді су басуы мүмкін екені белгілі болды.

БҚО ТЖД мәліметінше, Теректі ауданының Ұзынкөл су қоймасына егістіктерден еріген судың үлкен көлемі келуіне байланысты оның толу қаупі туындаған.

"Осыған байланысты төменгі ауылдарды су басуы мүмкін. Бөгет бұзылған жағдайда Ұзынкөл, Юбилейный, Кемер, Жаңа өмір және Барбастау елді мекендерін су басу қаупі бар. Құтқарушылар халықты алдын ала эвакуациялай бастады", - деді ведомство өкілі.

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да бір ауыл су астына кеткені хабарланды. 

БҚО-дағы су тасқыны: өңірде төтенше жағдаймен күрес қалай жүргізіліп жатыр?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова