Ата-анасы болмаған: Солтүстік Қазақстан облысында жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза тапты

Ата-анасы болмаған: Солтүстік Қазақстан облысында жер үйде шыққан өрттен екі бала қаза тапты
Фото: Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысында жер үйдегі өрттен үш және тоғыз жастағы бала қаза тапты. Олар үйде жалғыз болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 сәуір күні таңертең болған.

"Сағат 10:11-де "101" телефонына облыстың Есіл ауданы, Ильинка ауылындағы жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндірушілер өрт шыққан жерге жеткенше жергілікті тұрғындар екі баланың – 2021 және 2015 жылы туған ұлдардың мәйітін тапты. Балалар үйде жалғыз болған, олардың ата-анасы үйде болмаған", - деді департаменттің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев.

Өрт 12:08-де сөндірілген. Өрт 50 шаршы метрді шарпыған. Оның себебі мен одан келген шығын анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан