"Қайтесің оған ән арнап..." Жахан Отарғалиевпен ажырасқан Бидаштың жаңа әні қызу талқыға түсті

"Қайтесің оған ән арнап..." Жахан Отарғалиевпен ажырасқан Бидаштың жаңа әні қызу талқыға түсті
Фото: Әлеуметтік желі

Әнші Балжан Бидаш Instagram желісінде жаңа әніне түсірілген бейнебаянның қысқаша үзіндісін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Достар, міне көптен күткен жаңа бейнебаян, жаңа әннің тизері. 4 сәуір менің ютуб каналыма шығады. Қолдауларыңызды күтемін", - деп жазды Балжан видеоның сипаттамасында.

"Қателігімсің" деп аталатын жаңа туынды 600 мыңға жуық қаралым жинап, 20 мыңға жуық лайк жинаған. Бастысы 1500-ға жуық жазылған қолданушылар пікірінен әншіні қолдағандар көп болғанын аңғару қиын емес.

Көптеген лайк пен оттың смайлигімен қатар, мынадай да қолдау жазбаларын оқуға болады: "Мықты қыз, ажырасқанын ешкімге жариялаған жоқ. Хайп та жасаған жоқ. Кейбіреулер ұқсап. Наоборот, она показала, что выше этого. Наконец-то ответка ему. Жырпылдап шығара берді ғой ажырасқанын", - деп жазды қолданушылардың бірі.

"Сәттілік Балжан қызым,өнерің өрге жүзсін! Екеуі екі жақтап шоу бизнестерін дамытуда , шоу бизнес болғасын сол образда болады, ал былай екеуі де өте шынайы, өте жарасымды жұп, қосылғандарын тілеймін! Екі жақтың ата-аналары да қандай керемет адамдар, өздері де қандай керемет! Әжем айтатын "тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады" деп, тіл көз тиді, Алла жар боп, екі жас бір-бірін қайта тауып үлкен үйде , үлкен той болсын!" - тағы бір Желі қолданушысы.

Пікір алуандығын ескерсек, әншіні сынағандарда табылды.

"Үйде орамал тағып тып тыныш отырған намного лудше. Осындай болу үшін кетып қалдынба Балжан? Баяғы әп әдемі, сүйкімді, көркем мінезді, қамқоршы Балжан келін қайда?" - деп жазды олар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Balzhan Bidash (@bidash_official)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек