"Қолымда бары 700 мың теңге ғана еді". Дина Төлепберген алғашқы пәтерін қалай алғанын айтты

"Қолымда бары 700 мың теңге ғана еді". Дина Төлепберген алғашқы пәтерін қалай алғанын айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген алғашқы пәтерін қалай алғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Мүмкін емес" деген адамды тыңдама… Ауылдан келген сәлемдеме, ашыған айран, жерге қойып жасалған палау. Бұл - 24 жастағы Дина. Жаңа қоныстың қонақтарын күткен сәт… Бұл фотолар еш жерде жарияланбаған! Алдыңғы рилсымда бас байлап тұрмыс құрмас бұрын, баспаналы болу туралы айтқан едім. Ол ойымды құптаған қыздар, ата-аналар аз болмады… "Дина пәтерін қаншаға алыпты?" Жасым 22-де! Екі бөлмелі пәтер. Ол кезде пәтер құны 7 миллион теңге болған. Ал қолымда бары 700 мың теңге ғана еді. Солай, тәуекелге бел буып, 10 пайызын құйып, 90 пайыз қарызға алдым. 20 жылға. 7 деген қасиетті санға жабыстым ба, әлде сәйкестік пе?! Алған пәтерім 7 қабатта болып шықты. Айтпақшы, оның бой көтеруін 3 жыл бойы күткен едім. Содан кейінгі мен үшін ең қиыны - жөндеу болды. Өйткені пәтер "черновая отделкада" берілді. Алдыңда мақсат, мойныңда міндет болғанда, өзіңді аяусыз қамшылайды екенсің. Иә, менде сол кезде сәнді киім, әшекей, қыдыру, демалыс деген болған жоқ. Тек "өз баспанам болады" деген тәтті арман ғана. Сөйтіп жүріп, қарызымды 7 жылдан кейін жауып тастаппын. Тағы жеті. Ақылды сіңлім, үйленуге емес, үй алуға тырысыңыз. Менің 22 жасымда жасаған жетістігімді сіз де жасай аласыз!" - дейді ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек