"Мадияр жылап, "кетемін" деді". "Өнер қырандарының" актерлері театрдың құлдыраған кезін айтты

"Өнер қырандарының" актерлері Жанболат Найзабеков пен Сырымбет Бибосынов театрдың құлдыраған кезін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы өнер иелері "ХабарLIKE" бағдарламасында айтты. 

"Мадияр кетемін деді. Сол кезде біраз құлдырап, абдырап қалғанымыз бар. Бірақ кейін сөйлесіп, реттедік. 2014 жылы жылап, кетемін деді. "Халыққа пайдасы бар нәрсе қоймайтын болсақ, пародия бере беретін болсақ, жігіттер, мен осы жерден қоя салайын" деді. Біз Умрадан келгеннен кейін "Берекелі мерекені" беріп, бәріміздің шабытымыз ашылып кетті. Мадияр "Осы бағытпен жүретін болсақ, әдемі" дегені бар", - деді актерлер. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!