Абай облысында суға батқан ер адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Абай облысында Борлы өзенінен трактормен өтіп бара жатқанда суда жоғалып кеткен екі тұрғынды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Іздестіру жұмыстарына Абай облысы және Жетісу облысы ТЖД ЖҚЖ, полиция департаменті, ЖАО, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан, жергілікті тұрғындар, барлығы 63 адам, төрт жүзу құралы, тоғыз бірлік техника, еуі пилотсыз ұшу аппаратары, сондай-ақ полиция департаментінің бір кинологиялық есебі жұмылдырылған. Олар күн сайын сағат 06:00-ден бастап қараңғы түскенге дейін іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

"Жоғалған адамдарды сүңгуірлердің көмегімен іздестіру жұмыстары су айдындарының көктемгі ластануына байланысты су асты көрінуінің нашарлығымен және өзеннің ағыс жылдамдығымен күрделенетінін ескертеміз. Сонымен қатар іздестіру жұмыстарына Қорғаныс министрлігі мен "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшақтары 4 рет тартылды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2024 жылғы 26 наурызда 09:30 шамасында "112" пультіне екі адамның Борлы өзенінің ортасында трактормен тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сонымен қатар куәгерлер бірнеше рет атқа мініп, оларға көмек ұсынған, бірақ белгісіз себептермен жоғалып кеткендер адамдар ұсынылған көмектен бас тартқан және оларды техникамен бірге эвакуациялауды күткен.

Осы уақытта Аягөз қаласының ЖҚЖ құтқарушылары "Шығыс" шаруа қожалығында (Аягөз қаласынан 80 шақырым жерде) іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқан болатын, онда 23 наурызда өзеннен өтіп бара жатып, атынан құлап, 1977 жылы туған ер адам суға кеткен болатын. Аталған аймаққа жету қиын және онда байланыс жоқ.

Осыған байланысты Борлы өзенінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Семей қаласынан күштер мен құралдар жіберілді.

Айта кетейік, жоғалған адамдар көктемгі су тасқынының алдын-алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес.

Материалды Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті ұсынды 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!