Қазақстанда некеге тұрғысы келетіндер жылдан жылға азайып бара жатыр

Қазақстанда некеге тұрғысы келетіндер жылдан жылға азайып бара жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Статистика 2021-2023 жылдары некені бұзу туралы соттар қараған істер санының артқанын көрсетіп отыр. Мысалы, сотқа 2021 жылы 80 мыңнан астам, 2022 жылы 82 мың, 2023 жылы 78 мыңнан астам іс пен арыз түскен. Олардың тең жартысына жуығын сот қанағаттандырған.

Ажырасқысы келетіндер Алматыда, Алматы мен Қарағанды ​​облыстарында көбірек. Ең азы - Ұлытауда.

Апелляция 89 (шешімге шағымғандардың 8,1%), кассация– 4 сот актісін (3,7%) бұзды.

"2021 жылы АХАТ органдары 120 мыңнан астам неке тіркесе, 2022 жылы – 128,4 мың, 2023 жылы – 120,9 мың некені тіркеген. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2017 жылы 140 мыңға жуық жас жұбайлар шаңырақ көтерген", - делінген Жоғарғы соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз