Кондитер пайдалы шоколадты қалай ажырату керегін айтты

Соңғы кездері желіде какао бұршақтарының түсімі азайып жатырғаны жайлы ақпараттар жиі кездеседі. Негізінде, нарықты какао бұршақтарының тапшылығымен соңғы бірнеше жыл қатарынан қорқытып келеді. Бұл пайдалы шоколадтың азаюына және оның қымбаттауына әкелуі мүмкін. Бұл жайлы кондитер Марина Романова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru"-ге сілтеме жасап.

"Бұл нағыз шоколад өндірісіне әсер етеді. Әрине, оның қымбаттауына да ықпал етуі мүмкін, себебі бастапқы шикізат қымбат тұратын болады. Бірақ қазір табиғи және сапалы шоколад өте аз, сондықтан тұтынушылар үшін көп ештеңе өзгермейді", - дейді кондитер.

Маманның айтуынша, ащы және қара шоколадтың дайындалуына екі ингредиент қана керек: үгітілген какао мен какао майы. Ал сүтті және ақ шоколад дайындауға олардан басқа құрғақ сүт, қант немесе оны алмастырғыштар қосылады. Кез келген синтетикалық қосылыстар өнім сапасын қатты түсіретінін ескерген жөн.

"Шоколадтағы үгітілген какаоны ештеңе ауыстыра алмайды. Егер шоколадтың құрамында қандай оның орнына да бір басқа ингредиенттер болса, бұл шоколад емес, шоколад дәмі бар басқа десерт болады", - дейді маман.

Марина Романованың айтуынша, шоколад таңдайтын кезде бірінші кезекте оның құрамындағы какао деңгейіне мән беру керек. Ол ащы шоколадта 70%-дан кем емес, қара шоколадта 50%-дан бастап, сүтті де шамамен 40%, экстрасүтті де 25%-дан бастап болуы керек.

Сондай-ақ шоколадтың құрамын зерттеу маңызды. Шоколадта жасанды хош иістендіргіштер, бояғыштар, консерванттар, эмульгаторлар болмауы керек. Олар өнім сапасын түсіріп қана қоймай, ағзаға жағымсыз әсер етеді.

Марина Романованың айтуынша, шоколадқа тек табиғи қоспалар қосу керек: эфир майлары, дәмдеуіштер, хош иістендіргіштер мен эссенциялар. Егер құрамында синтетикалық ингредиенттер болса, оны сапалы деп атауға келмейді. Қара және ащы шоколадты максималды сақтау мерзімі - 1,5 жыл, сүтті шоколад - 12 ай, ал ақ шоколадтыкі жарты жылдан аспайды.

"Шоколадты үйде тексеру үшін оның қалай еритінін қарау жеткілікті. Сапалы табиғи шоколад 30-32 градус температурада біркелкі еріп бастайды. Егер олай біркелкі ерімесе, оның құрамында жасанды компоненттер бар деген сөз. Шоколадты жеген кезде ол тіске жабыспауы керек және оның басқа иісі болмауы керек", - дейді ол.

Шоколадтың ең пайдалы түрі – ащы шоколад. Сау ересек адам оны күніне 50 гр-ға дейін жей алады.

Оқи отырыңыз: 30 күн бойы тәтті жемесеңіз не болады?