"Көшеде тыр жалаңаш жүрген". Полицейлер желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желілерде жалаңаш жүрген ер адамның көшеде кетіп бара жатқан видеосы тараған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Көпшілік бастапқыда мұны Өскемен деп топшылады. Дегенмен бейнежазба жарияланған Oskemen.vko парақшасында бұған күмән келтіріліп, ресми органдар пікірін күтті. Оқиға барысына көз жүгіртсек, тыр жалаңаш шешінген ер адамның көліктер қатынаған жолға шығып, кейін жаяу жүргінші жолына түскенін көруге болады.

Әрі қарай қолында жүгі бар әйел адамға тап беріп, сілкілей бастайды. Осы кезде өткен-кеткен тұрғындар араша түсіп, оған күш көрсетті. Абдырап, шошып қалған әлгі адам басы ауған жаққа жүгіре жөнелді. Кейінірек бұған қатысты облыстық Полиция департаменті өкілдері ресми жауап берді.

"Бұл бейнежазбаның Шығыс Қазақстан облысына ешқандай қатысы жоқ. Аталған жағдай Кингисепп (Ленинград облысы) қаласында болды", – делінген мәліметте.

Асыл Бигелді

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!