Батыс Қазақстанда су тасқыны күшеюі мүмкін - "Қазгидромет"

"Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары Серік Сайыров Батыс Қазақстанда су тасқыны болуы мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, аймақтағы су деңгейі қазірдің өзінде көтеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алдағы уақытта су тасқыны Қостанайдың орталық және батыс бөлігінде бір-екі күнде болады деп күтіліп отыр. Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі басталады. Ол судың көзі Ресей территориясынан келеді. Өйкені ол жақтағы су қоймасы толып, суды түсіру процесі жүргізіліп жатыр. Оралға келесі апта үлкен су келуі күтіліп отыр. Осы аптаның аяғында болуы мүмкін. Жайық өзені қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Ресей мамандары бізбен байланыста және күнделікті ескертіп отыр", - деді "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз