Алматыда жолдың бойында троллейбус өртеніп кетті

Алматыда жолдың бойында троллейбус өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2 сәуірде сағат 08:04-те екі өрт сөндіру бөлімшесінің күштері мен құралдары Бостандық ауданы Сәтбаев пен Байтұрсынов көшесінің қиылысына жіберілген.

3 минутта келген сәтте маршрут №7 троллейбустың алаңы 10 шаршы метр жерді өрт шарпығанын анықталған. Жолаушылар салоннан шығып үлгерген.

Қабылданған шаралармен өрт 8.10-да оқшауланып, 8.15-те сөндірілді. Зардап шеккен адамдар жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина