"Келінжан" сериалынан алынды". Ұланғасыр Қами "Балқия" әні қалай жазылғаны туралы айтты

"Келінжан" сериалынан алынды". Ұланғасыр Қами "Балқия" әні қалай жазылғаны туралы айтты
Фото: Видео кадры

Танымал әнші Ұланғасыр Қами Динара Сәтжанға берген сұхбатында "Балқия" әні қалай жазылғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол The DS' Show бағдарламасында бөлісті. 

"Әні Әлжан Нұрлыбектікі, сөзі Мирас Асандікі. Балқия деген сөзді продюсерім Назерке ханым тапты. Бір жағынан ерекше, екінші жағынан ұмытылып кеткен. Біз әнді ұнатамыз. Сөзі жазылғаннан кейін, әнді алып қойдық деп жүрсек, ән сатылып кеткен екен. Ақшасын бердім деп жүріппін. Армандап қойдық әнді. Сұрап беріңіз дедім. Сөйьіп басқа ән жаздық. Әр істің қайыры бар екен. Бірінші әнде қайғы бар еді", - деді ол. 

Әншінің продюсері Балқия Келінжаннан алынғанын айтты.

"Балқия персонажы ұнайды, оның характеріне сәйкес келетін, жеңіл ән шығарайық дедім", - деп еске алды ол. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек