"Балалар үйін салуға деп жиналған ақша еді". Танымал блогер алаяққа тап болғанын айтып күйінді

"Балалар үйін салуға деп жиналған ақша еді". Танымал блогер алаяққа тап болғанын айтып күйінді
Фото: instagram.com/janym_baklajanym

janym_baklajanym лақапатымен танымал блогер Айдын Тоқсанбаева әлеуметтік желідегі парақшасында алаяққа тап болғанын айтып күйінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, бұл қаражат балалар үйін салуға жиналған еді. 

"Елімізде жылда болатын су тасқынына жылда көңіл бөлмейтін басшылық барда, әйелін өлтірген еркекті отырғызбай әлі ақтап алуға тырысып жатқан жағымсыз жаналықтар қасында менікі дым болмас, бірақ мен 28 миллионға жалғызбасты қазақ әйелге алданып отырмын. Балалар үйін салуға деп жиналған халық аманаты 17 миллион ақша мен жігітімнің ата-анасына көлікке деп беріп қойған бастапқы 10 миллион еді. Балалар үйінің ақшасын "еселеп, көбейтіп аламын" деп "айым, күнім" деп айтқан, басында тауарды дұрыс жіберіп отырып, ақшасын кейін алып, сенімге кіріп, кейін бірден 10.000 тауарды каргомен жіберсең, арзанға жеткізіп беремін деп ақшаны жібере бер деді. Мен жартысын жібердім, 10 наурызда келуі керек тауарды әлі көрмедім. Ақша жіберуді тоқтатып, тауар неге әлі жоқ деп сұрай бастасам, сылтауы көп. Енді ақшаны қайтар деп күніге қақсап отырмын. Анамның шыдай тұр, қазір Ораза деп отырғаны болмаса, ашуым қара қазандай. Әрине, заң бойынша бүкіл дәлел бар. Тек осындай жағдайға жеткізгені іштей өртеп барады", - деп жазған ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек