Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың жартысы елден кетіп қалған

Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың жартысы елден кетіп қалған
Фото: depositphotos.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадан эвакуацияланған Қазақстан азаматтарының жартысына жуығы елден кетіп қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Украинада соғыс басталған кезде Қазақстан азаматтарын эвакуациялағаныз. Бүгінде соның жартысына жуығы қайта Украинаға қайтып кетті. Қазір олардың өміріне қауіп тұр ма, жоқ па6 білмейміз. Себебі олар соғыс болып жатқанын бізден жақсы біледі. Оны қайта-қайта айта берудің керегі жоқ. Әр адам өз қауіпсіздігіне өзі жауап береді. Бірақ елшіліктің міндеті - Қазақстан азаматтары хабарласса, оларға көмектесу. Қазір Украинада нақты қанша қазақстандық жүргенін білмейміз", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Алайда ведомствоның ресми өкілі Украинаға нақты қанша қазақстандық қайтқанын нақтыламады.

Айта кетейік, 2022 жылғы 29 наурыздағы ресми дерекке сүйенсек, Украинадан 700-ден аса қазақстандық елге эвакуацияланған.

"Қазақстанның Украинадағы елшілігі 2022 жылғы 28 наурызға дейін Польшаның Катовице қаласынан 7 эвакуациялық әуе рейсі жасалғанын хабарлайды. Украинадан Қазақстанның 900 азаматы эвакуацияланды. Оның 743-і Қазақстанға оралды", - деп жазылған еді хабарламада сол кезде.

Аяз Есен

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz