Ресейдегі қазақстандықтар сақ болуы тиіс - СІМ

Ресейдегі қазақстандықтар сақ болуы тиіс - СІМ
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ресей Федерациясындағы терактіден соң қазақстандықтарды сақ болуы керек. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"(Мәскеуде маңында орналасқан "Крокус Сити Холдағы") теракт адам шошытарлық болды. Сол түні біз Қазақстанның Ресейдегі елшілігімен хабарласып, бекітілген алгоритм бойынша жұмыс істедік. Жедел желінің нөмірі жарияланды. Мәскеудегі біздің студенттер және басқада Қазақстан азаматтарының бәрімен хабарласып, жағдайын анықтай бастадық. Қазіргі таңда (қайғылы оқиғадан) қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ", - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол қазақстандықтарды сақ болуға кеңес берді.

"Әлемде жағдай күрделініп барады. Одан ешкім сақтанбаған. Сондықтан Қазақстан азаматтары қай елде жүрсе де сол елдің билігі қойған заңды талаптарды орындауы керек. Енді сақтықта қорлық жоқ. Сақ болып жүрген дұрыс деп ойлаймын", - деді ресми өкіл.

Айбек Смадияровтың айутынша, бейресми деректер бойынша бүгінде Ресейде 40 мыңға жуық қазақстандық студент оқиды.

Аяз Есен

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz