Қызанақ пен сарымсақ қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетіні рас па? Мамандар жауап берді

Қызанақ пен сарымсақ қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетіні рас па? Мамандар жауап берді
Фото: standret / Freepik

Қызанақ пен сарымсақ қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетіні рас па? Бұл сұраққа дәрігер Елена Малышева және оның әріптестері кардиолог Герман Гандельман мен офтальмолог Михаил Коновалов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жить здоровоға!" сілтеме жасап.

"Қызанақ құрамында ликопен деп аталатын зат бар, ол көкөніске қанық түс береді. Жаңа піскен қызанақтың 100 граммында 2,5 мг, ал термиялық өңделген томат пастасының 100 граммында 28,8 мг ликопен бар", - деді офтальмолог.

Мұндай зат көру қабілетіне пайдалы, өйткені ол қанмен қамтамасыз етілген көздің негізгі бөлігі - торлы қабыққа оң әсер етеді.

"Ликопен - бұл антиоксидант, жаңадан пайда болған тамырлардың өсуіне әсер етеді, осылайша торлы қабықтың деградациясын, яғни оның дистрофиясын азайтады", - деп түсіндірді Михаил Коновалов.

Ал сарымсақтың құрамында диаллил дисульфид сияқты зат бар. Оның көптеген жан-жақты әсері бар.

"Сарымсақ та антиоксидант. Тамырларға көмектеседі. Бұл зат түйіншек түзетін компоненттерді бейтараптандырады", - деп түсіндірді кардиолог.

Сонымен қатар, олар мұндай пайдалы өнімдер тандемде жақсы жұмыс істейтінін атап өтті. Диаллил дисульфиді болған кезде ликопен ағзаға оңай сіңетіні анықталды. Ол ликопеннің биожетімділігін арттырады.

Айта кетейік, бұған дейін хирург қатерлі ісіктің алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектесетін 5 кеңес бергені хабарланған болатын. 

Хирург Реза Тигари қатерлі ісіктің алдын алуға көмектесетін мынадай кеңестер берді:

  • Темекіні тастаңыз;
  • Дұрыс тамақтаныңыз және спортпен айналысыңыз;
  • Өңделген еттен аулақ болыңыз;
  • Қауіпсіз жыныстық қатынаспен айналысыңыз;
  • Күннен қорғайтын крем қолданыңыз.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ораза – 2024. Ораза кезінде сағыз шайнауға бола ма?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә