Экс-премьер Смайылов жаңа қызметке тағайындалды

Әлихан Смайылов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін бұл қызметті Наталья Годунова атқарды. Бүгін ол Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы лауазымынан босатылды.

Еске салайық, 5 ақпанда Үкімет отставкаға кеткен болатын. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Склярға жүктелді. Артынша Смайыловтың орнына Олжас Бектенов тағайындалды.

Ал Әлихан Смайылов премьер-министр қызметіне тағайындалғанға дейін 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. 

2009-2014 жылдар аралығында Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!