Атырауда 5 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Атырауда 5 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

28 наурызда сағат 21:15 шамасында ЖБО қызметкерлері соттың қаулысымен бағыттамада тұрған айыппұлы бар Toyota Ipsum автокөлігін анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлаған.

Тексеру барысында автокөлік иесінің 5 млн теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бар екені анықталды. Автокөлік арнаулы тұраққа қойылды.

Атырау полицейлері жол ережесін қатаң сақтап, айыппұлдарды мерзімінен кешіктірмей өтеу керектігін ескертеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!