Абай облысында 23 жастағы жігіт көлігімен көпірден құлап мерт болды

Абай облысында 23 жастағы жігіт көлігімен көпірден құлап мерт болды
Фото: Абай облысы Полиция департаментінен

Абай облысының тұрғыны көлікті басқара алмай, көпірден құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 976-шы шақырымында болған. 

Lada Kalina жүргізушісі көлікті басқара алмай, қоршауға соғылып, салдарынан көпірден құлап кеткен. 23 жастағы жігіт оқиға орнында мерт болған. 

Полицейлер оқиғаның мән-жайынанықтап жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина