"Құны - 143 миллион теңге". Алматы облысында ірі көлемде мефедрон тәркіленді

Алматы облысында есірткі сатушыдан үш келіге жуық мефедрон тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасай ауданында жедел іздестіру шарасы барысында ұсталған 28 жастағы тұрғын синтетикалық есірткіні заңсыз сақтады және сатты деген күдікке ілінді.

Күдікті үш есірткі қоймасының орнын көрсеткен. Бұл жерден ерекше иісі бар сарғыш түсті ұнтақты зат табылды.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген зат 143 миллион теңге болатын, салмағы үш келіге жуық, яғни 7 мың 920 доза мефедрон екені расталды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі көлемде заңсыз сақтау және сату бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!