Ырысбала Икрамбай Ақтөбе тұрғындарына 1 КамАЗ қажетті зат жіберетінін айтты

Ырысбала Икрамбай Ақтөбе тұрғындарына 1 КамАЗ қажетті зат жіберетінін айтты
Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай су астында қалған Ақтөбе тұрғындарына 1 КамАЗ қажетті зат жіберетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Отбасымыздың атынан, мені қолдаған халықтың атынан, ешкімнен қаражат жинамай Ақтөбе жұртына 1 камаз қажетті заттар жібергелі жатырмыз", - деді ол. 

Блогердің айтуынша, ол 100 адамға жететіндей зат алған. 5 миллион теңгеге зат алған Ырысбала Икрамбай КамАЗ-ға киім-кешек, төсек-орын, тамақпен қоса дәрі-дәрмек алған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек