Алматылық әйел 54 жастағы ер адамнан 10 миллион теңге бопсалаған

Алматылық әйел 54 жастағы ер адамнан 10 миллион теңге бопсалаған
Фото: Алматы облысы ПД

Алматы облысында әйел 54 жастағы ер адамды белгілі бір ақпаратты жария етемін деп бопсалаған. Ол ақшаны алып жатқан жерінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алматы облысының Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына 54 жастағы азаматтан арызданушының ар-намысы мен намысын қорлайтын ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 10 миллион теңге сома көлемінде ақша бопсалаған 1990 жылы туған К-ға қатысты жедел ақпарат түсті", - делінген хабарламада. 

Бұл дерек бопсалау түріндегі қылмыстық құқықбұзушылық дерегі бойынша полиция бөлімінде тіркелді. Істің барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған әйел сот шешімімен қамауға алынды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек