Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

Қарағандыда жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға Солтүстік-шығыс айналма жолда болды. Полиция мәліметінше, Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Апат салдарынан бес адам қаза тапты.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қарағанды ​​облысының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне қырағы болып, жол ережесін бұзбауды сұрайды", - деді Қарағанды ​​қаласы әкімдігі басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Мұхамеджанов.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!