"Қолдан жасап алған проблема ғой". Ләйлә Сұлтанқызы су тасқыны мәселесіне байланысты пікір білдірді

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы су тасқыны мәселесіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

"Жаздың алдында көктем бар… Су басқан өңірлерден тараған видеолар жан түршіктіреді. Қаншама мыңдаған адам зардап шекті, қаншама мыңдағана отбасыны шаңырағынан айрылды, қанша дүниенің күлі көкке ұшты. "Әттеген-ай" дейтіндей-ақ бар. Қолдан жасап алған проблема ғой. Шымшық сойған қасапшы да ағаттық жіберіп тұр.

Халықтың қалауы, пікірі, билік өкілдерінің тапсырмасы, қауқары бас болып тұрғанымен, мойынсыз (президент) ештеңе істей алмайды екенбіз…

Иә, жүрек, уайым бәрімізді бірдей. Адамбыз ғой… Табиғат апаты айтып келмегенімен, қолдан жасалған проблема екенін сіз бен біз жақсы біліп отырмыз. Әрине, кінәлілер орнын босатып, біразы жауапқа тартылады. Мәселенің алдын алмағаннан кейін кейбір әкімдер де сөгіс алды.
Осындай кезеңде қол ұшын созып, көмек беріп, сбор ашып жатқан қорлар, тұлғалар, белсенді халық - күшіміз бірлікте екеніне тағы бір дәлел! Әлемді мейірім құтқарады.

@tokayev_online өзі қатаң бақылауға алған жағдай шешімсіз қалмайды. Зардап шеккен отбасыларға үкімет тарапынан материалдық көмек көрсетіледі.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Астана Су қоймасында жасалған фото. Былтыр жазда болған су тапшылығы, биылғы апаттың кесірі енді қайталанбайды деген үміттемін", - деп жазған ол.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!