Дәрігер жазға дейін сыра ішуден пайда болған артық майдан арылудың жолдарын айтты

Дәрігер жазға дейін сыра ішуден пайда болған артық майдан арылудың жолдарын айтты
Фото: pixabay

Жазға дейін сырадан пайда болған артық майдан құтылғысы келетін адамдар үшін тамақтану уақыты мен диетаны түзету маңызды. Бұл туралы Life басылымына Мемлекеттік білім университетінің оқытушысы Александр Умнов айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі health.mail.ru-ға сілтеме жасап. 

"Еркектердегі қарынның салбырып кетуінің егізгі себебі көбікті өнімдерден (сыра өте жоғары калориялы) және жеңіл тағамдардан. көмірсулардың артық тұтынылуы мен гормоналды теңгерімсіздік (шамадан тыс эстрогендер, тері астындағы майлы тіндердің өсуін тудыратын). Сондай-ақ сыра ішу дененің шамадан тыс босаңсуына әкеліп соғады. Бұл дене белсенділігінің төмендеуіне әкеледі", - деді сарапшы.

Ол күніне төрт-бес рет аз мөлшерде тамақтануды, тамақты мұқият шайнауды және тойып тамақтанбауды ұсынды. Кешкі асты ұйқыға дейін үш сағат бұрын ішкен дұрыс. Диетада балықтың және еттің (треска, күркетауық, тауық), ашытылған сүт өнімдері мен көкөністердің майсыз сорттары болуы керек. Сонымен қатар, дәрігер күніне екі литр газсыз су ішуге кеңес береді.

Алкогольден бас тартуға және дене шынықтырумен айналысуға шақырады. Мысалы, сізге жүгіруге, велосипедпен жүруге, жүзуге немесе артық салмақтан арылтатын жаттығулар жасауға болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов